Саясат

Өзбекстанда Facebook пен YouTube-ті бұғаттағандар түрмеге түсті

Олар халықты жалған, зиянды ақпараттардан қорғамақ болған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өзбекстанның Ақпарат және бұқаралық коммуникация агенттігінің басшысы мен өзбек президентінің бұрынғы баспасөз хатшысы танымал блогерге сұхбат беру кезінде әлеуметтік желілерді бұғаттағандардың қазіргі уақытта түрмеде отырғанын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы ca-news.org сайтына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, Өзбекстанда былтыр жарты жылдай әлеуметтік желілер дұрыс жұмыс жасамай, бұғатталып қала берген. Ал билік өкілдері болса, мұны "техникалық ақаудың" кесірінен болып жатқан жағдай деп түсіндірген.

Агенттік басшысы Комил Алламжоновтың сөзіне қарағанда, әлеуметтік желілердің жұмыс жасауына кедергі келтіргендер қазіргі уақытта абақтыда отыр.

Ал олардың әлеуметтік желінің жұмысына кедергі келтіруін Алламжанов былай деп түсіндірді:

- Олар әлеуметтік желіде зиянды ақпараттар көбейіп кетті деп ойлаған көрінеді. Сол себепті мұндай ақпараттарды таратпау үшін Facebook пен YouTube желілерін жабу керек деп ойлаған. Олармен мен де көп дауластым, олардың ойы қате екендігін дәлелдеуге тырыстым. Меніңше, зиянды ақпараттармен күресудің бірден-бір жолы – сол зиянды ақпаратқа қарсы дәлелді, контраргументі бар ақпараттарды ұсына алу. Бұл ең дұрыс жол болғанымен, өте ұзақ. Бірақ басқа жол да жоқ. Біздің заманымызда ғаламторды өшіріп тастап, нәтиже шығара алмайсың. Мәселен, Facebook-ті бұғаттап тастадық делік, не болды ал?! Барлығы жаппай VPN-ді қолдана бастады.

Ал сөз бостандығы мен билікті сынау туралы айтар болса, Алламжонов «президентті сынайтын себеп те жоқ» дейді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61