Бүгін Әнұранның авторы Жұмекен Нәжімеденов туған күн

83 жас

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Қоңыр шешем қоңыр кешті жамылып,
көзін сулап, қалып еді қамығып.
Қоңыр жолға түсіп едім мен өстіп – 
қоңырқай ой маза берер емес түк.
 
Қоңырайып жатыр алда жол әлі – 
кеудем кейде қоңыр күйге толады.
Қоңыр әнмен қазақ бесік тербетіп,
өргізіпті-ау қоңыр-қоңыр баланы.
 
Қоңыр күпі, қоңыр дала, қоңыр үн...
қоңыр күймен өтіп жатыр өмірім.
Қоңыр күзде қоңыр шаруа-күйбеңмен
қоңсы қонған қоңыр қызға үйленгем.
 
Қоңыр-қоңыр күй тыңдап ем жасымда – 
шешем қалды қоңыр төбе басында.
Қоянжонға қоңыр ымырт түскенде

қоңырайып отырамын үстелге..

Бұл ақын әрі ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранының сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов  Сабырұлының "Қоңы түс" өлеңі. Ақын 1935 жылы 28 қараша күні Атырау облысы, Құрманғазы ауданында дүниеге келген. 

Көрнекті ақын әрі Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері. 

Қазақ әдебиетінде "Қоңыр ақын", "Жұмбақ ақын, "Жұлдыз ақын" деп баға берген. Бұл бағаны ақынның шығармашылығына арнап халық өзі берді.

Байрақты бәсекеде шырқалып, қолымызды кеудемізге қойып, "Алтын күн аспаны, алтын дән даласы..." деп шырқасақ, ақын Жұмекен Сабырұлының еңбегі зор. 1956 жылы отаншыл ән ретінде жазылған туындының композиторы, қазақтың әнін көгінде қалықтатқан Шәмші Қалдаяқов.