Экономика

Жаңа заң! Шенеуніктер коммуналдық қызметтерге қарызы жоқ болса ғана жалақысын ала алады

Жалақы алмас бұрын коммуналдық қызметтерге қарызы жоқ екендігі жайлы анықтама әкелуі тиіс

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Енді Түрікменстанда шенеуніктер жалақыны жаңа ереже бойынша алады.

CA-News-тің жазуынша, енді Түрікменстанның мемлекеттік қызметкерлері коммуналдық қызметтерге ақы төлеген соң ғана жалақыларын ала алады. Басылымның мәліметінше, жергілікті шенеуніктер жалақы алудың алдында коммуналдық қызметтері бойынша қарызы жоқ екенін растайтын анықтама әкелуі тиіс.

 - Бюджет қызметкерлері коммуналдық қызметтерді төлегені жайлы анықтама әкелмейінше, шілде мен тамыз айларының жалақысы берілмейді, - делінген.

Бірақ мемлекеттік қызметкерлердің айтуынша, қажетті анықтамаларды жинау үшін біраз уақыт керек болады. Талап етілген анықтамаларды алу үшін кем дегенде бір ай қажет, өйткені кезек өте үлкен. Жергілікті ұйымдардың басшылығы бұл прокуратураның талабы деп түсіндіріп отыр.