Саясат

АҚШ басылымы: Қытайдың мұсылмандарды босатты дегені - бос сөз

Дерек жетіспейді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шілденің 30-ында The New York Times газеті «Қытайдың мұсылмандарды лагерьлерден босату мәлімдемесі күдікке кез болды» деген мақала жариялады. Басылым Қытай үкіметінің сейсенбі күні Шыңжаңдағы қамау орындарында отырғандардың басым бөлігін бостандыққа шығарғаны туралы мәлімдемесіне сенбейтіндер жетерлік екенін жазады. Шыңжаң үкіметінің басшысы Шохрат Закир мен орынбасары Әлкен Тунияз Пекиндегі баспасөз мәслихатында лагерьде қамауда болғандардың «90 пайызы қоғамға оралғанын» айтқан.

Қытайдағы адам құқықтары ахуалын бақылап отырған шетелдегі белсенділер қамаудағылардың жаппай бостандыққа шығып жатқанын көрсететін нышан көрмегендерін, көпшілігінің лагерьге жапсарлас зауыт-фабрикада еріксіз жұмысқа жегілуі мүмкін екенін айтқан. Пекиннің мәлімдемесіне күдік қылушы һәм сынаушылардың арасында Дүниежүзілік ұйғырлар конгресінің бас хатшысы Долкун Иса да бар. Вашингтондағы ұйғыр белсенді Тахир Иминнің сөзінше, америкалық ұйғырлар Шыңжаңдағы туыстарынан әлі де хат-хабар ала алмай отыр, не телефон, не интернет арқылы байланыс жоқ.

Қытайдың Шыңжаңдағы саясатын бақылап отырған германиялық тәуелсіз зерттеуші Адриан Ценц The New York Times газетіне Пекиннің қамауда отырғандарды еңбекпен түзеу бағдарламасы арқылы жаңаша аңдуға көшкенін айтқан.

– Түптеп келгенде олар (Қытай билігі – ред.) қамау формасынан тұтас қоғамды бақылауға көшіп жатыр. Тек лагерьлердегі емес, одан тыс жердегі еріксіз жұмысқа жегілгендердің бәрін бақылап отыратын ауқымды жүйеге қол жеткізді, –  деген Ценц.