Bugin

Қазақстанның батысында түйелер қырылып жатыр

Бір айда 30-ға жуық түйе арам өлді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Атырау облысы Жылыой аудандық жергілікті атқарушы органдарының ақпаратына сәйкес, Ақкиізтоғайда 3 шілдеде 3 бас түйе, 9 шілдеде 3 бас түйе, 12 шілдеде 6 бас түйе шығыны тіркелген еді.

Өлген түйелерден паталогиялық материалдар алынып, аса қауіпті ауруларға және шөп пен судан сынама алынып, «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК Атырау облыстық филиалында тексерілген. Зертханалық зерттеулер нәтижесі бойынша аса қауіпті аурулар анықталмады, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Сонымен қоса 15 шілдеде Құлсары қаласы «Жандырасын» ықшамауданында 4 бас түйенің шығыны тіркелген. Қазіргі  таңда өлген түйелерден сынамалар алынып зерттеулер жалғасуда.

Бұдан бөлек биыл 28 шілдеде 3 бас өлімі тіркеліп ветеринариялық мамандармен паталогиялық сынамалар алу үшін жарып сою кезінде көмекейден эстроз құртының көп мөлшерде анықталды. Қазіргі таңда, «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК Атырау облыстық филиалында лабораториялық зерттеулер жүргізілуі басталады», деп жазады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Ал Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Боранқұл ауылында 8 бас түйе шығыны тіркелген. Өлген түйелерден паталогиялық материалдар алынып, аса қауіпті ауруларға қарсы және су, шөп сынамалары тексеріліп, «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК Маңғыстау облыстық филиалында ветеринариялық зертхана алкалойдтардан уланғаны анықтады.

Қазіргі таңда аталған облыстарда эпизоотиялық ахуал бірқалыпты және өңірлердің ветеринариялық қызметін жіті бақылауында, деп жазады Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Inbusiness.kz