Экономика

Қазақстандық банк өзбек банкіне $3 млн қаржы берді

Өзбек банкі мұндай қаржыны бірінші рет алып отыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық «Altyn Bank» АҚ ресейлік банктермен бірігіп, Өзбекстанның «Кишлок курилиш банк» атты банкіне $3 млн шамасында несие берді, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы forbes.kz сайтына сілтеме жасап.

Несие бір жылға берілген. Оны өзбек банкі жалпы ұжымдық мақсатта және клиенттердің сауда келісімшарттарын қаржыландыру үшін алған.

- Өзбекстан үлкен экономикалық реформа бастады әрі мұндай синдицирлендірілген несие бұл мемлекеттің тарихында бірінші рет болып отыр. Осының арқасында өзбек және ресей банктерімен тығыз серіктестік орнайды деген ойдамыз, - дейді «Altyn Bank» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жанар Айкимбаева.

Аталмыш қазақстандық банктің өзі бұған дейін Белоруссияның қос банкіне 7 млн еуродан астам қаржы көлемінде қаржы бөлген екен.