Bugin

Лаңкестік жасамақ болған жігітті әжесі тоқтатты

Батыр әже деген атақ беру керек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Техас қаласының Уильям Патрик Уильямс есімді 19 жастағы тұрғыны қонақ үйге барып, жаппай оқ атып, қырғын ұйымдастырамын деп шешкен. Алайда жігіттің әжесі мұндай бұзық ойдың алдын алды. Бұл туралы ABC News жазады.

Уильямс өзінің әжесіне АК-47 автоматын сатып алып, жаппай кісі өлтіруді дайындап, полиция қызметкерлеріне өзін атып тастауға мүмкіндік беретінін айтқан. Немересінің жоспары туралы білгеннен кейін, әйел оны ауруханаға барып, қажетті көмек алуға көндіреді. Содан кейін ол барлығын құқық қорғау қызметкерлеріне айтып берген.

Уильямс ұзақ уақыт бойы ауруханаға жатқызылып, қару сатып алу кезінде жалған ақпарат бергені үшін қамауға алынды. Ақпаратты толтыру кезінде ол мекенжайын дұрыс көрсетпеген. Сондықтан ол бес жыл мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Полиция қызметкерлері брондалған қонақ үй нөмірінде тінту жүргізіп, онда АК-47 автоматын, патрондары бар 17 оқжатарды, пышақтар мен қара киімді тапқан.