Саясат
Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-қа ескерту жасады
АҚШ қару-жарақты бақылау туралы маңызды келісімді бұзғаннан кейін, Мәскеу де қарап қалмай қысқа және орта қашықтықтағы ядролық зымырандарды жасай бастайтындығын мәлімдеді, деп хабарлайды “Hurriyetdailynews” ақпарат агенттігі.
2 тамыз күні АҚШ Мәскеудің ортақ келісімді бұзып, тыйым салынған зымыран түрін орналастырғанын анықтағаннан кейін, Ресеймен аралық ядролық күштер (INF) келісімін ресми түрде тоқтатқан болатын. Кремль бұл айыптаумен келіспейтінін білдірді.
Бұл келісім 310-3400 мильге (500-50000 км) жететін жер үсті зымырандарына тыйым салған болып, екі елдің қысқа мерзімде ядролық соққы беру мүмкіндігін азайтады.
5 тамыз күні Путин Қорғаныс және Сыртқы істер министрлігіне және Ресейдің SVR сыртқы барлау агенттіктеріне АҚШ-тың таратылған келісімшарттар бойынша тыйым салынған зымырандарды жасау, шығару немесе орналастыруға байлынысты кез-келген қадамдарын мұқият бақылауды бұйырды.
- Егер Ресей АҚШ-тың осы жүйелерді әзірлеуді аяқтап, оларды шығара бастағандығы туралы сенімді ақпарат алса, онда Ресейге осыған ұқсас зымырандарды жасау үшін толыққанды күш салудан басқа амал қалмайды, - деді Путин.
АҚШ шенеуніктері АҚШ-тың орта қашықтықтағы зымыранның алғашқы ұшу сынағына бірнеше ай қалғанын және бұл сынақ орыстарға қарсы зымыран болатынын мәлімдеді. Олар бұған қатысты кез келген жұмыстар бірнеше жылға созылатынын да айта кетті.
Ресей Қауіпсіздік Кеңесімен кездесуден кейін Путин Мәскеу бірнеше айдан бері қарсылық білдіріп келе жатқан АҚШ-тың бұл әрекетіне ескерту жасады және осы туралы талқы өткізді. Әрі бұл халықаралық қаруды бақылаудың негізгі тіректерін бұзатынын астарлай жеткізді.
Путин Ресейдің әуе және теңіз зымырандары мен гиперсониялық зымырандардың дамуы бұл қазіргі уақытта Америка Құрама Штаттары шығарған кез келген қауіпті сейілте алатындығын айтты.
Бірақ ол әлемдегі ең ірі ядролық держава саналатын Мәскеу мен Вашингтон өзі айтқандай «ұшы-қиырсыз» қару жарысына жол бермеу үшін қаруды бақылау жөніндегі келіссөздерді қайта бастауы керек деді.
- Арада түсіністік туындамауы үшін екі жақ та келісіп алуы тиіс, - деді Путин.
Бұған дейін, атын атағысы келмеген АҚШ үкіметінің өкілдері Ресейдің бүкіл елдің жер-жеріне «бірнеше батальонды» басқарылмалы зымырандарын орналастырғанын әрі сол арқылы Еуропадағы маңызды нысаналырға соққы беруге мүмкіндік алатындығын, оның ортақ келісімге қайшы екендігін мәлімдеген еді.
Ресей бұл айыптауды жоққа шығарып, зымыранның ауқымы шарттың шеңберінен шықпады деп мәлімдеген және НАТО-ның атауы бойынша SSC-8 деп аталатын, жаңа зымыран түрі 9M729-ды жою туралы АҚШ-тың өтінішін қабылдамаған болатын.