Саясат

Зеленский Түркияға сапарға кетті

Зеленский түрік әріптесі Реджеп Тайып Ердоғанмен кездеспек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина президентінің жазбаша мәлімдемесіне сәйкес, 7 тамызда Украина президенті Володымыр Зеленский Түркияға екі күндік сапармен барады, деп хабарлады “Hurriyetdailynews” ақпарат агенттігі.

Сапар барысында Зеленский түрік әріптесі Реджеп Тайып Ердоғанмен Түркия астанасы Анкарада кездеседі делінген хабарламада.

Сондай-ақ ол елдегі украин және қырым қауымдастығының өкілдерімен кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

Мәлімдемеде Зеленскийдің Ыстамбұлда Фенер грек православие патриархаты Бартоломеймен кездесетіні туралы да айтылды.

Өткен айда Шығыс Еуропа елі Укаринада парламенттік сайлау өткен болатын. Бұдан бұрын Зеленский танымал комедия актеры болған, Ол мамыр айындағы ұлықтау рәсімінде ең жоғарғы Рада болған парламентті таратқан еді.

Сайлау Қырымда өткізілген жоқ.  Қырым - Қара теңіздің солтүстік жағалауы немесе Украинаның шығыс бөлігі саналған. 2014 жылы Ресей заңсыз басып алған. Қазіргі уақытта ресейшіл көтерілісшілердің бақылауында.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61