Экономика

Ақша айырбастау пункілері: Келесі жылдан бастап төлқұжатсыз ақша ауыстырмайтын болды

Одан бөлек, валюта айырбастау бекеттерінің жұмыс уақыты да қысқартылып отыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Келесі жылдан бастап ақша айырбастау пунктілеріне валюта ауыстыруға келген клиенттің аты-жөнін, ЖСН-і, заңды мекен-жайын жазып алуға талап қойылып отыр. Бір сөзбен айтқанда, келушілердің тізімін жасап отыруы тиіс.

Ұлттық банк Қазақстанда қолма-қол шетел валютасын айырбастау операциясын ұйымдастыру қағидасына осындай өзгерістер мен толықтырулар енгізбекші.

Жаңартылған қағида жобасында айырбастау бекеттерінің жұмыс режимі мен айырбасталатын қаражаттар лимитіне қатысты талаптар жазылған. Оған сәйкес, айырбастау ұйымдары Ұлттық банк белгіленген уақытпен сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істеуі тиіс. Бас банктің қаулысы қабылданғаннан кейін ресми түрде жарияланып, келер жылдың 1-ші қаңтарынан бастап қолданылады.

Informburo.kz