Саясат

2024 жыл: Путин премьер-министр бола ма?

Президент билікті сақтап қалғысы келеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кремль президенттік сайлауға байланысты, сайлау жүйесіне өзгеріс енгізуі мүмкін. Нақтырақ айтқанда, қазіргі РФ президенті В.Путин билікте қалып, өзінің сөзін жүргізуі үшін барлық жағдай жасалып жатыр, деп бағамдайды Bloomberg басылымы.

66 жастағы президент партияның төрағасы және премьер-министр ретінде ел билігін қолында ұстап отыруы мүмкін.

Қазір Ресейдегі жағдай мәз емес. Путинге қарсы халық наразылығы күшейіп тұр. Қоғам оның биліктен кеткенін қалайды. Ал бұл кезде шенділер барынша президенттің билігін сақтап қалу үшін, оның ісін жалғастыру үшін барынша әрекет жасап жатыр.

Ресей конституциясына сәйкес, 2024 жылы Путиннің президенттік мансабы аяқталады. Президенттің өзі атап өткен жағдайға байланысты пікір білдірген жоқ. Дегенмен, дереккөздердің айтуынша, оның көмекшілері мен кеңесшілері дәл қазір оның билікте қалу мәселесі бойынша жаппай қызу дайындық бастап кеткен. Бұл үшін «Единая Россия» партиясы парламенттен кем дегенде 2-3 орынды алып қалуы тиіс. Бұл тарап конституцияға өзгеріс енгізуге тікелей араласады деген сөз.

Ресейдегі парламент сайлауына 17 ай уақыт қалған кезде «Единая Россия» партиясы мен Путиннің беделі төмендеп кетті. Бұл елдегі соңғы 5 жыл ішіндегі әлеуметтік мәселенің шешілмеуінен туындап отыр.

«Қазір «Единая Россия» партиясының барлық әрекеттері ашынған халықтың шамына тиіп отыр. Аймақтарда адамдар бұл партиядан ауылын аулақ салып жатыр»,- деп жазды «Московский комсомолец» газеті.

Дәл қазір Кремль Мемлекеттік Думадағы депутаттардың санын қысқарту бойынша жұмыстар жасап жатыр.

Басылымның жазуынша, Путин елдегі билікті толық өз қарамағына ала отырып, тіпті парламенттегі сайлау науқаны бойынша, кандидаттардың тізімін жіті бақылап, қадағалап отыр. Оппозициялық бағыттағы кандидаттарды шеттетіп те отыр.

«Қандай жағдайда болмасын, Путин соңғы шешімді қабылдау үшін оған парламенттік көмегі керек болады»,-дейді Кремльдің саясат жөніндегі кеңесшісі Сергей Марков.