Bugin
30 мың доллар пара алған
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚарағанды облысының Жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бұрынғы бөлім басшысы пара алғаны үшін сот алдына тартылды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Today.kz сайтын сілтеме жасап.
Тергеу материалдарына сүйенсек, жемқорлықпен күресуші мемқызметкер жеке фирманың заңсыздығын «жабу» үшін кәсіпкерден 30 мың доллар көлемінде пара сұраған.
Алайда әділдікті «панашылдықтан» жоғары қойған кәсіпкер аталмыш департаменттің ішкі қауіпсіздік басқармасына жүгініп, оқиғаның мән-жайын айтып берген.
Тергеу материалдарында көрсетілгендей, қызметкер пара алып жатқан жерінен ұсталған.
Күдіктіге ҚР Қылмыстың Кодексінің 190-бабы бойынша «Қызмет асыра пайдаланып алаяқтық жасады» деп айып тағылып отыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61