Weekend
Толыққанды өмір сүр
«Досымның анасы өмір бойы дұрыс тамақтану қағидасын сақтаған адам. Ешқашан ішімдікті немесе қандай да бір «зиянды» тағамдарды қолданбаған, күн сайын дене жаттығуларымен шұғылданған, әрдайым қозғалыста және белсенді болған, дәрігерлер жазып берген барлық қоспаларды қабылдаған, ешқашан күннен қорғайтын құралдарсыз күннің астына шықпаған, тіпті шыққан кезінің өзінде де, мүмкіндігінше, аз уақыт қана жүруге тырысқан, жалпы айтқанда, өз денсаулығын сақтау үшін қолынан келген дүниенің бәрін жасаған адам. Қазір ол 76 жаста, терінің қатерлі ісігі, сүйек кемігінің қатерлі ісігі және ауыр остеопорозға ұшыраған.
Досымның әкесі беконның үстіне бекон қойып, майдың үстіне май жағып, майлы дүниені артығымен жеп, спортпен ешқашан айналыспай және әр жаз сайын күннің астында күйіп кетердей қыздырынатын. Шын мәнінде, ол басқалардың нұсқауымен емес, барынша өзінің қалауынша өмір сүрді. Қазір ол 81 жаста, дәрігерлер оның денсаулығы жас жігіттің денсаулығымен бірдей екенін айтады.
Адамдар, сіздер өз уларыңыздан жасырына ала алмайсыздар. Ол бар және ол сізді тауып алады. Сондықтан досымның анасы айтқанынындай: «Егер өмірімнің осылай аяқталатынын білгенімде, өмірді бұлай өткізбес едім, маған олай жасауға болмайды деген дүниелердің барлығынан ләззат алып, өмірімді толыққанды сүрер едім!»
Ешқайсымыз бұл жерде тірі қалмаймыз, сондықтан өзіңізді екінші дәрежелі нәрсе ретінде қарастырмаңыз. Дәмді тамақтарды жеңіз. Күнде серуендеңіз. Мұхитқа секіріңіз. Жүрегіңіздегі бар асыл шынайы дүниелеріңізбен бөлісіңіз. Ақымақ болыңыз. Мейірімді болыңыз. Біртүрлі болыңыз. Қалғандарына уақыт жоқ».
Ричард Гир