Bugin
Үш апта бойы шуға айналған қауіпсіздік сертификатын орнату мәселесіне нүкте қойылмақ
Айналасында шуы басылмай тұрған бұл қауіпсіздік сертификаты әуел баста Қазақстан азаматтарының киберқылмыскерлермен интернет-алаяқтардан қорғайтын құрал деп түсіндірілгенімен, кейінірек халық арасынан шыққан заңгерлер мен байланыс мамандары бұл сертификаттың қажет еместігін, ел тұрғындарының интернет кеңістіктегі деректерінің жоғалуы, ұрлануы, жеке басқа қол сұғушылық болып табылатыны секілді жайттарға алып келетін тұстары да бар екендігін мәлімдеп, қоғамдық резонанс туғызды.
Ал бүгін белгілі болғандай Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті қауіпсіздік сертификатын тестілеудің сәтті аяқталғанын (7 тамыздан бастап), сондай-ақ оны орнату қажет деп тапқан жағдайда, соның ішінде мемлекеттік деңгейдегі кибер және ақпараттық шабуылдар кезінде ғана енгізу қажеттілігі туындайтынын атап өтті.