Bugin
Кеше, яғни 6 тамыздың түнінде ұлттық қауіпсіздік комитеті Qaznet Trust Network қауіпсіздік сертификатын сынақтан өткізгенін, оның сәтті аяқталғанын хабарлады
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында жазды. Оның айтуынша "Киберқалқан" бағдарламасы аясында жасалған қауіпсіздік сертификаты сынақтан сәтті өтіпті.
- Менің тапсырмам бойынша ҰҚК Киберқалқан бағдарламасы аясында сертификат қауіпсіздігін тесттен өткізді.ҚР ақпарат кеңістігі қауіпсіздігі және сертификатты сырттан қауіп төнген жағдайда ғана қолдану мүмкіндігі дәлелденді. Интернет қолданушыларға қолайсыздық жоқ.ҰҚК алғыс білдіремін, - деді Тоқаев.
Яғни қауіпсіздік сертификатын тек сырттан қауіп төнгенде ғана іске қосады екен. Дегенмен бұған интернет қолданушылары онша сенбейді. Олардың айтуынша қауіпсіздік сертификатын орнатпағандар кейбір әлеуметтік желілерге кірерде қиындыққа тап болған. Сондықтан оны орнатуға мәжбүр болып отыр. Сәйкесінше бұл жеке мәліметтердің бақылауға алынуына әкеледі деп есептейді.