Спорт

Forbes әлемдегі ең көп қаржы тапқан спортшылар тізімін жариялады

Көбі теннисшілер

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тізімді америкалық тенисші Серена Уильямс бастап тұр. Әйгілі тенисші жыл басынан бері $29,2 миллион доллар табыс тапқан. 

Forbes басылымының мәліметінше Серена Уильямс тенис турнирлерінен $4,2 миллион, ал демеушілік демеушілік келісімшарт тардан $25 миллион доллар қаржыға ие болған. 

Ал екінші орынға жапониялық тенисші Наоми Осака жайғасқан. Оның жыл басынан бергі табысы $24,3 миллион долларды құраған. Үшінші орынға жайғасқан да - тенис ойыншысы. Анжелик Кербер табысы бүгінде $11,8 миллион долларды құрады.

Forbes басылымы жариялаған ең бай 15 спортшының 12-сы теннисшілер. Осымен екі жыл қатарынан тенис ең көп қаржы төленетін ойындар тізімінде футболмен иық тірестіріп келеді.

2019 жылы ең көп қаржы тапқан спортшылар тізімі

1. Серена Уильямс, теннис – $29,2 млн (жүлде сыйақысы – $4,2 млн, демеушілік келісімшарт – $25 млн)

2. Наоми Осака, теннис – $24,3 млн (жүлде сыйақысы – $8,3 млн, демеушілік келісімшарт – $16 млн)

3. Анжелика Кербер, теннис – $11,8 млн (жүлде сыйақысы – $5,3 млн, демеушілік келісімшарт – $6,5 млн)

4. Симона Халеп, теннис – $10,2 млн (жүлде сыйақысы – $6,2 млн, демеушілік келісімшарт  – $4 млн)

5. Слоан Стивенс, теннис – $9,6 (жүлде сыйақысы – $4,1, демеушілік келісімшарт  – $5,5)

6. Каролина Возняцки, теннис – $7,5 млн (жүлде сыйақысы – $3,5 млн, демеушілік келісімшарт  – $4 млн)

7. Мария Шарапова, теннис – $7 млн (жүлде сыйақысы – $1 млн, демеушілік келісімшарт – $6 млн)

8. Каролина Плишкова, теннис – $6,3 млн (жүлде сыйақысы – $4,6, демеушілік келісімшарт  – $1,7 млн)

9. Элина Свитолина, теннис – $6,1 млн (жүлде сыйақысы – $4,6 млн, демеушілік келісімшарт  – $1,5 млн)

10-11. Винус Уильямс, теннис – $5,9 млн (жүлде сыйақысы – $0,9, демеушілік келісімшарт  – $5 млн)

10-11. Гарбинье Мугуруса, теннис – $5,9 млн (жүлде сыйақысы – $2,4 млн, демеушілік келісімшарт  – $3,5 млн)

12. Алекс Морган, футбол – $5,8 млн (жүлде сыйақысы – $0,25 млн, демеушілік келісімшарт  – $5,5 млн)

13-14. Мэдисон Кис, теннис – $5,5 млн (жүлде сыйақысы – $2,5, демеушілік келісімшарт  – $3 млн)

13-14. Пурсала Синдху, бадминтон – $5,5 млн (жүлде сыйақысы – $0,5 млн, демеушілік келісімшарт  – $5 млн)

15. Ария Джутанугарн, гольф – $5,3 млн (жүлде сыйақысы – $3,3 млн, демеушілік келісімшарт  – $2 млн)

Forbes.kz