Bugin

Қосымша бөлінген 5 мың грантқа қалай құжат тапсыруға болады?

Қайда барып жүгінуге болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, көпбалалы және әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына қосымша 5 мың грант бөлінді. Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, аталған гранттар жергілікті атқарушы органдардың ұйымдастыруымен конкурстық негізде беріледі.

Ол үшін арнайы конкурстық комиссиялар құрылатын болады. Конкурсқа қатысудың негізгі шарты – 2019 жылғы маусым айында өткізілген ҰБТ-дан шекті балл жинау. Яғни, ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша кемінде 65 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, «педагогикалық ғылым» бағыты бойынша кемінде 60 балл жинау керек.

Конкурсқа құжаттар 5-10 тамыз аралығында қабылданады. Білім гранттарын тағайындау және жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар қажет:

1) белгіленген үлгідегі өтініш;

2) білімі туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына түпнұсқасын тапсыру керек);

3) ҰБТ сертификаты;

4) Медициналық анықтама (086-У);

5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Сондай-ақ, балалардың көпбалалы немесе атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін отбасылардың қатарынан екендігін растайтын құжаттар көрсетілуі керек. Білім гранттары иегерлерінің тізімін әкімдік жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайтын болады.

Inbusiness