Денсаулық
Бір стакан шарап ішудің пайдалы екенін бәріміз естіген болармыз, бірақ ол сіздің денсаулығыңызға қалай ықпал етеді?
Пифагор "ұзақ өмір сүру үшін ескі шарап пен ескі досың қасыңда болсын" депті.
Шарап біздің ақыл-есімізді босаңсытып, жүзімізге күлкі үйіреді. Психикалық «бақытты» қоспағанда, мөлшерімен тұтынылған шарап сіздің физикалық денсаулығыңыз үшін пайдалы болуы мүмкін. Шараптың дұрыс мөлшері – 5 унция. Әйелдер үшін күніне бір стақан, ал ерлер үшін екі стақан қалыпты тұтыну деп саналады. Шараптың денсаулық үшін пайдасы:
1. Құрамы антиоксиданттарға толы. Қатерлі ісік сияқты ауыр дертпен күресуде шарап көмекшіңіз болуы мүмкін. Шараптың құрамында қатерлі жасушылармен күресетін антиоксиданттар болады. Ондай антиоксиданттар ақ шараптың құрамында көп болады. Барселона университетінің ғалымдарының зерттеуі ақ шараптағы фенолдардың қызыл шарапқа қарағанда антиоксиданттарымен артық болмаса, кем түспейтінін көрсетті. Бұл қызығы, шарап әуесқойлары, әдетте, ақ шарапқа қарағанда қызыл шарап денсаулыққа пайдалы деп ойлайды.
2. Ол иммундық жүйеге күш береді. Сіз күнделікті дәрумендерді қабылдауды тоқтатпауыңыз керек болса да, күніне бір стақан шарап ішу иммундық жүйеңізді жақсарта алады. Орынды ішу инфекцияны болдырмайды және иммундық жүйеңізді басқара алады. Тым аса қызықпаңыз. Шамадан тыс тұтыну – бүкіл мақсатты бұзатын теріс салдарларға әкелуі мүмкін.
3. Сүйек тінінің тығыздығын арттырады. Қартайған сайын сүйектеріміз сынғыш келеді. Бірақ сүт ішу арқылы ағзадаға кальцийді көбейтуге болады. Сондай-ақ, шараптың құрамында да кальций көп болады. Қызыл шарап сүйектің минералды тығыздығын арттыратын кремнийге бай келеді. Бұл тығыздықты арттырады және остеопороз ықтималдығын азайтады. Жылы сүт сияқты ол да түнде ұйықтауға көмектесе алады.
4. Инсульт қаупін төмендетеді. Жалпы шарапты орынды тұтыну – қанның ұюын болдырмауы мүмкін. Шарап инсультке әкелетін кез келген қан ұйытқысын бұзатын табиғи қан сұйықтығы ретінде әрекет етеді. Бұл төмен қан ұю қаупі ерлерге қарағанда әйелдер үшін пайдалы. Қызыл шараптың құрамында аспирин сияқты қан сұйылтқыш фенолдар бар. Джон Хопкинстің университеттік медициналық орталығы жүргізген зерттеу қызыл жүзімнің қабығынан табылған резвератрол жүзім шарапқа айналған кезінде инсульттен қорғай алатын қасиетке ие болатындығын дәлелдеген.
5. Жүрек-тамыр ауруларының қаупін төмендетеді. Жүрек ауруына қарсы күресте сіз барлық сақтық шараларын қабылдауыңыз керек. Қызыл шарап құрамында илік заттектерде бос радикалдарды бейтараптандыратын фенолдар болады, олар жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуда тиімді екендігі дәлелденген.
6. Холестерин деңгейін төмендетеді. Жүрек денсаулығына ықпал ететін қызыл шараптағы процианидиндер холестерин деңгейін де төмендетуге ықпал етеді.
7. Екінші типті қант диабеті қаупін төмендетеді. Резвератролдың инсулинге сезімталдығын жақсартатындығы дәлелденген. Екінші типті қант диабеті қаупін тудыратын инсулинге төзімді жақсы шарап стақаны сізге ұнайтын нәрселер тізімін жасайды.
8. Қатерлі ісік қаупін төмендетеді. Қатерлі ісікпен күресте шарап сіздің жағыңызда болуы мүмкін. Бір стақан шарап ішу арқылы тоқ ішек, қуықасты безі обыры және сүт безі қатерлі ісігі қаупін азайтуға болады. Антиоксиданттар қатерлі ісіктің дамуына мүмкіндік беретін жағымсыз бос радикалдармен күреседі. Әсіресе, бұл тұста қызыл шарап пайдалы, өйткені жүрек ауруларымен күресетін резвератрол сонымен қатар рак клеткаларымен де күреседі.
9. Когнитивтік функцияны жақсартады. Бұл бір түрлі естілуі мүмкін, бірақ бір стақан шарап – миға арналған азық. Ол мидың жұмысын жақсартады. Қызыл шараптағы химиялық заттар ми нейрондарының өлуінің алдын алады. Нәтижесінде миды деменциядан қорғайды және Альцгеймер мен Паркинсон сияқты нейродегенеративті аурулардың басталуын баяулатады.
10. Өмір сүру жасын ұлғайтады. Салауатты өмір салты мен ұзақ өмір сүру туралы сөз қозғағанда, Жерорта теңізі диетасына тоқталмай өте алмаймыз. Бұл диетаны ұстау үшін зәйтүн майы мен көкөністер және шарап керек. Бір стақан шарапта өмір сүру жасын ұлғайтатын сиқырлы зат бар. Ол сиқырлы зат – резвератрол. Гарвард медициналық мектебінің зерттеушілері резвератролдар қартаюға қарсы агент ретінде әрекет ететін ақуызды белсендіретінін анықтады.
www.wideopeneats.com