Bugin

Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы: Сейфуллиндегі қыздар азайды ма?

Рейдке СОБР жасағы да тартылған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы қаласының Полиция департаментінің хабарлауынша, Сейфуллин даңғылында тұратын жезөкшелердің саны біршама азайған.

Түркісіб ауданының полиция басқармасы Сейфуллин даңғылындағы рейд шараларын күшейткен. Бұған полиция инспекторларымен бірге арнайы жасақ жауынгерлері де тартылған. Олар интим қызметін ұсынатын жеңіл жүрісті қыздар мен жезөкшелер ордасын табумен айналысады.

- Алматы қаласы әкмінің тапсырмасымен күндіз-түні рейд шаралары жасалады. Соның арқасында 1200-ден аса жеңіл жүрісті қыздар ұсталып, жезөкшелер ұясын ұйымдастырған 205 адам мен 87 жеңгетей ұсталды. Ұсталғандар тіркеуге қойылып, дактилоскопиялық тексерістер жасалды, - дейді Түркісіб аудандық полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Еркін Амантаев.

Полиция қызметкерлерімен бірге СПИД-орталықтың қызметкерлері де жүрген. Олар жеңіл жүрісті қыздардан талдау алып, зертханалық тексерістер жасаған.

Tengrinews.kz