Bugin
Көліктің алдыңғы нөмірі – 025 AW 01 болса, артқы нөмірі – 046 KZ 01
Елдің ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауына Lexus LX570 көлігімен келген екен. Алайда люкс көліктің алдыңғы және артқы нөмірлері мүлдем сәйкес емес, екі көліктің нөмірі сияқты.
Ал Тұрғымбаевтың өзі Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауында сағат таңертеңгі 10.00-нан бастап отырған. Ішкі істер министрі тұрғындармен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берген.