Саясат
Кеше Донбаста төрт украин сарбазы көз жұмған еді
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comДонбасс маңында оқу атуға 21 шілде күні тыйым салынса да, әскери іс-қимылдар әлі де тоқтамай тұр. Украин сарбаздарының қаза болуына кімнің кінәлі екендігі әлі белгісіз. Донбастағы қарулы топтар бұған Украинаның әскерилерін кінәлап отырса, украин қарулы күштері болса, опелчендіктердің өзі атыс бастағанын айтады, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Известия басылымына сілтеме жасап.
Осы оқиғаға байланысты Украина президенті Зеленский Қарулы күш басшыларын шұғыл арада жинап, оқиғаның мән-жайын анықтауға тырысқан. Кейін марқұм болғандардың туған-туысқандарына «Фейсбукте» көңіл айтып, «норман төрттігін» келісімге келуге шақырды.
- «Норман төрттігіне» мүше елдердің басшыларын - Эммануэль Макрон мен Ангель Меркельді және Владимир Путинді шұғыл арада жиналып, келісімді жаңартуға шақырамын, - деп жазды украин басшысы.
Осыдан кейін Зеленский Путинге телефонмен бірінші болып хабарласып, кездесуге шақырған.
Өз кезегінде, Ресей президенті Путин де украин әскерилері Донбасқа қарай оқ атуын доғарса, аймақтағы деэскалациялауға дайын екендігін жеткізген.
Ал Зеленский болса, бұл кездесудің барынша тез арада өткенін қалайды.
- Тағы да қаншама адам ажал құшпақ?! Сондықтан, кездесудің жақын арада өткенін қалаймын, - дейді Зеленский.
Осы оқиға байланысты украин басшысы Түркияға аттанған сапарын да қысқартуы мүмкін.
Айта кеткен жөн, "норман төрттігі" дегеніміз - Украинаның шығысындағы әскери қимылдарды реттеу үшін құрылған төрт мемлекеттен (Украина, Франция, Германия және Ресей) тұратын топ.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61