Саясат

Қадыров Имам Шәмілді айыптады

Ол шешендердің қырылуына себепкер болды деген пікір білдірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ХІХ ғасырдағы имам Шәмілдің Кавказда билік етуінің салдарынан шешен халқының саны екі есе азайып кетті, деп санайды Рамзан Қадыров. Бұл туралы ол "Чечня сегодня" басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.

Имам Шәмілдің шешен халқының тағдырындағы рөлі туралы сұраққа "оның себебінен балалар, әйелдер мен қарттар аштық пен суықтан қаза тапты" деп жауап берді Қадыров.

Сондай-ақ Қадыров Имам Шәміл шешен халқын қасіретке әкеліп, Ресейге адал боламын деген ант бергені жайлы да айтты. Ол халықтың Ресейге қарсы соғысатынына ақсақалдарға Құранды ұстап ант бергізді және елді-мекендерді өртеді деп қосты Қадыров. 

Ол шешен халқының имам Шәмілді рухани тұлға ретінде құрметтейтінін айтты.

Имам Шәміл - атақты имам, Солтүстік Кавказдың ұлттық қаһарманы.