Саясат

Азаматтық соғыс басталып кетуі мүмкін: Атамбаев ұсталды

Қырғыз республикасындағы жағдай

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты Кой-Таштағы үйінде ұстады деп, хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.

Кой-Ташта атыс болып, оқиға орнында бірнеше адам жарақат алған. Қырғыз республикасында тұратын кәугердің сайт редакциясына берген мәліметінше, атылған оқ жергілікті бейбіт халыққа тиген, осыдан кейін шу басталған дейді.

Қазірдің өзінде Атамбаевтың үйінің айналасына 200-ден астам халық жиналған. Куәгер елде азаматтық соғыс басталып кетуі мүмкін деген ойды алға тартып отыр. Одан бөлек халықтың Атамбаевтан «президент мәртебесін» алып тастағанын заңсыз екенін айтып, енді оның ұсталуын артық әрекет деп бағалап отыр. Тіпті куәгердің өзі мемлекеттік орында жұмыс істесе де, қарапайым халықпен бірге көтеріліске шығуға дайын екенін айтты. 

«Атамбаевты ұстау операциясы ертең таңға дейін біту керек және оны босатулары да мүмкін. Себебі елде азаматтық соғыс басталып кетуі әбден мүмкін. Бұған тіпті 90% кепілдік беремін», - дейді куәгер.