Саясат

Ресей: Қырым Украинаға бір жағдайда ғана қайтады

Бұл жағдайдың орындалуы қиын-ау

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей жер бетінен жойылып кеткенде ғана Қырым Украинаға қайтады. Бұл туралы Федерация кеңесінің халықаралық істер бойынша комитет төрағасының орынбасары Владимир Джабаров мәлімдеді.

RT басылымының хабарлауынша, осылайша сенатор Украина президенті Владимир Зеленскийдің Қырымның Украинаға оралуы туралы мәлімдемесіне пікір білдірді. Оның айтуынша, Киевтің мұндай сөздерін шынайы қабылдамау керек. Джабаров өзінің Ресейдің өмір сүруінің аяқталуы туралы айтқан шарты ешқашан орын алмайтынын атап өтті.

- Жарты аралдың Украина құрамына еніп кеткені - кездейсоқтық, енді міне, әділеттілік орнады, - деді ол.

Бұдан бұрын, Зеленский Қырымның ерте ме кеш пе, Украина құрамына оралатынына уәде берген болатын.