Саясат
Бірлік, бейбітшілік, келісім
Қазақтың біртуар ақыны Ринат Зайытов өзінің бір айтысында: "Қырғыз болғым келмейді, қырғыз болғым... Бір-бірімен соғысып қырылатын", - деген сөздер айтқан болатын.
Әрине, бұл сөздер - қырғыз ұлтын, халқын жамандағаны емес, көрші елдегі саяси-әлеуметтік жағдайды сипаттағаны. Шынымен қарайтын болсақ, айыр қалпақты бауырларымыздың тәуелсіздік алғаннан бері көрмегені жоқ. 5 президент ауысып, оның екеуі мемлекеттік төңкерістің негізінде орын алған болатын.
Енді тыныштық орнай бастаған сәтте, қайтадан бейберекетсіздік орын ала бастайды. Бұл қырғыздардың өзін ғана емес, көрші елдерді де алаңдатуда.
Бұған себептің бірден-бірі - саяси алпауыт мемлекеттердің саясаты деп білемін. Оның дәлелдері төмендегідей:
1. Алмазбек Атамбаевтің, Қырғызстанның экс-президенті бола тұра, Ресейге арнайы шақыртылып, Путинмен кездесуі, келіссөздер жүргізуі.
2. Ресейдің сөзін сөйлейтін Белоруссия президенті Александр Лукашенконың, Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевті, 70 жасымен құттықтап, онымен кездесуі.
3. Қырғыз-өзбек, қырғыз-тәжік шекараларындағы орын алған қақтығыстар, соңғы кездегі елде орын алған келеңсіз оқиғалар және т.б.
Бұл жерде, екі емес, үш қошқардың басы бір қазанда піспей жатқан секілді. Елдегі жағдай бұдан бетер ушығуы мүмкін.
Қырғыз бауырларымызға сабырлық пен төзімділік тілейміз. Шаңырақтары шайқалмай, қашан да ынтымағы берік, бірлігі мен берекесі қатар жүретін ел болсын.