Саясат

Бейбіт тұрғындарға оқ ату – арсыздық: Атамбаевтың атыстан кейінгі мәлімдемесі (видео)

Бірақ Атамбаевтың жендеттері өлтірген 22 жастағы жігіттің өлімі жайлы бір ауыз сөз айтқан жоқ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев шұғыл түрде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.

Экс-басшының сөзіне қарағанда, «онымен суретке түсуге келген тұрғындардың» көбі ойда жоқта Ұлттық қауіпсіздің кеңесінің «Альфа» атты арнайы жасағының атысының астында қалған.

- Мені ұстау үшін билік лаңкестерді ұстауға арналған «Альфа» атты жасақты жіберген. Мен және менің жанымдағы адамдар лаңкестер емес, бейбіт тұрғындар. Өкінішке орай, зардап шеккендер де, ауыр жараланғандар да бейбіт тұрғындар. Қарулы жасақ рәзіңке оқпен бірге атыс оқтарын да қолданды. Оларға оңай болған жоқ. Биліктің қатыгездігі мен арсыздығы еріксіз таңқалдырады, - деп мәлімдеді Атамбаев.

Бұдан бөлек, Атамбаев өзін жемқорлыққа қатысы бар деп айыптап отырғандарға да жауап берді. Олар Атамбаевты қылмыс әлемнің өкілі Азиз Батықовты босатып жіберді деп айыптаған еді.

- Билік бұл мәселені құқықтық негізде шешуі тиіс еді. Мен кез келген сұраққа жауап беруге әзірмін. Жемқорлыққа қатысым жоқ екендігін Жээнбеков айтқанмын, ол да жақсы біледі. Қарапайым қырғыз азаматтарына деген алғысым шексіз. Небары бір сағаттың ішінде жаныма жиналып, мені аман алып қалды, - дейді экс-президент.

Сонымен қатар, Атамбаев билікке ақылға келуге, бейбіт халыққа оқ атпауға шақырды. Әйтпесе, мұның соңы ауыр болуы мүмкін.

- Қырғыз халқы тізе бүгетін халық емес, - деп мәлімдеді Атамбаев.