Саясат

Атамбаев оқ атқанын мойындады

Жақтастарында қару болмағанын айтады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев журналистерге арнайы жасақ жауынгерлері оның үйіне басып кірмек болғанда, қолына қару алып, оқ атқанын мойындады, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Новости РАА сайтына сілтеме жасап.

Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі экс-президент Атамбаевтың Бішкек қаласынан 20 шақырым жерде жатқан Қой-Таш ауылындағы резиденциясына барып, ұстау операциясын ұйымдастырмақ болған еді. Алайда арнайы жасақтың бұл әрекетінен ештеңе шықпады.

- Менің жақтастарымның қолында, тіпті, "рогатка" да (айырсадақ – ред.) болған, теледидардан жалған айтып жатыр. Мен оқ аттым. "Жігіттер" үшінші қабатқа көтерілген кезде аттым, бірақ ешкімді көздемедім, барынша тигізбеуге тырыстым, - дейді Атамбаев.

Атамбаевтың өзі билікті 2017 жылы мирасқоры Сооронбай Жээнбековке берген еді. Алайда кейін Атамбаевтың өзіне және оның жақтастарына қылмыстық іс ашылып, тергеу амалдары басталды. Ал Атамбаевтың өзі экс-президент мәртебесінен айырылған болатын. Экс-басшының өзі мұның барлығы саяси сипаттағы айыптаулар екендігін айтып, бірнеше рет мәселені құқықтық негізде шешуді ұсынған еді.

Ал атыстан кейінгі Атамбаевтың үйі мынандай: