Bugin

Алакөлге лас су төккен қонақ үй жабылуы мүмкін

Экологияға келтірген шығыны есептеліп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Бұл жайында ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми өкілі Самал Ибраева Алакөлге лас су төккен қонақ үйдің жабылуы мүмкін екендігін мәлім етті, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.

Ресми өкілдің Фейсбукте жазған жазбасында Алматы облысының экология департамент Алакөлге төгілген судан талдама алып, зерттеу жасағаны айтылады. Лай судың көлге заңсыз құйылғанынан бөлек, көлге қарай салынған құбырдың өзі заңсыз болып шықты.

- Зерттеу нәтижесінде көлге құйылған судың экологиялық талаптарға сай еместігі әрі қоршаған ортаға зиян екендігі анықталды. Экологиялық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл салынып, құбырды алып тастау туралы ескерту берілді. Қазіргі уақытта кәсіпорынның экологияға келтірген шығыны есептеліп жатыр. Кейін сотқа жіберілетін болады, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ресми өкіл қазіргі кезде Алакөлдегі судың жағдайы тұрақты, зияны жоқ екендігін де ескерттіп өтті. «Қазгидромет» мекемесі суға күнделікті мониторинг жасап отыр.