Bugin
Ескерткішті орнатуды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырған еді
Алайда ол ескірткіштің қай жерде орналасатыны жайлы нақты мәлімет жоқ.
Бұған дейін БАҚ өкілдері Елбасының мүсінін Е.129 көшесінде орнату жоспарланып отырғанын хабарланған еді. Алайда "Бәйтерек" елорда құрылысшылары одағы бұл ақпаратты теріске шығарды.
- Шын мәнінде, бұл учаскеде сәулетшілер мен құрылысшыларға ескерткіш орнату жұмыстары жоспарланған, - деді бірлестік басшысы Жамбыл Мелдебай.
Сондай-ақ, Елорданың сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары бөліміне де әлі Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне қойылатын монумент жобасы келіп түспеген.
Сонымен, Елбасының ескірткіші қай жерде орналасатындығы сол күйі белгісіз.
Айта кеткен жөн, Қазақстанның өңірлеріндегі басты көшелерге Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілген. 2019 жылдың наурызында республика астанасының атауы Елбасының құрметіне Астанадан Нұр-Сұлтанға өзгертілді.