Саясат
Қырғызстандағы әлеуметтік желі қолданушылары елдегі бассыздыққа қарсы флешмоб ұйымдастыруда
#МыПротивТретьейРеволюции хэштегімен тарап жатқан акция 2010 жылы сәуірде болған төңкерісті еске салып, оны болдырмауды мақсат еткен.
Сондай-ақ желі қолданушылары арандатушылардың артынан ермеуге, митингке шықпауға шақыруда.
- Тоқтат, Қырғызстанда бейбіт болғанын қалаймын! – деп жазған желі қолданушылардың бірі.
Тағы бір желі қолданушылардың бірі сол күнгі қайғы-қасіретті қайта бастан кешіруге қорқатынын, елде бейбітшілік болғанын қалайтынын жазған.
- Қарапайым халық зардап шегеді бұдан. Тоқтат! Елімізде бейбіт өмір сүргенді, қорықпауды қалаймыз! – делінген оның жазбасында.
- Бізге үшінші төңкеріс керек жоқ! Жақтастарыңыз кез келген уақытта сізді сатып кетуі мүмкін. Отанымыздың тағдыры өз қолымызда, - дейді тағы бір қолданушы.