Экономика
Мұндай ипотекалық несие бұрын-соңды болмаған
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comЕлдің тарихында алғаш рет жергілікті банк 20 жылға 0% мөлшерінде несие ұсынды. Тағы бір несие беруші 10 жылдық несиелер үшін теріс мөлшерлеме белгіледі, яғни, қарыз алушылардан пайыздарды алудың орнына төлеуге келіскен.
Даниядағы Nordea Bank Abp нөлдік белгіленген ставкамен 20 жылдық ипотекалық несие беретіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды Bloomberg. Ведомствоның хабарлауынша, бұл - елдің банк тарихындағы алғашқы осындай өнім.
Бұған дейін, тамыздың басында Даниядағы ең ірі ипотекалық несие беруші Realkredit Danmark 30 жылдық мерзімге жылдық 0,5% мөлшерлемемен несие бере бастайтынын мәлімдеген болатын. Ал осы аптада Jyske Bank, Даниядағы үздік үштікке кіретін банк көп ұзамай жылдық 0,5% теріс ставкамен 10 жылға ипотека бере бастайтынын жариялады. Яғни, қарыз алушы алынған ипотекалық несие бойынша пайыздарды төлеу үшін банктен ақша алатын болады.
Данияның Орталық банкінің несиелеу мөлшерлемесі 0,05% құрайды, ол 2015 жылдың қаңтарынан бері өзгерген жоқ.
www.forbes.ru
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61