Саясат
Бізге Бішкектің бейбіт болғаны керек
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚырғызстан кезекті революция алдында тұр. Қос президент арасындағы текетірестің саяси кульминациясы кеше болды. Енді не бел, не белбеу кетедінің мезгілі.
Қазіргі таңда көршілес елде азамат соғысы басталуына барлық себеп бар. Бір-бірін жойғысы келетін кландар, саяси идеологиясы сәйкес емес күштер мен аймақтық текетірестер. Тіпті, алғашқы қан төгіліп, бас жарылды. Жаман айтпай жақсы жоқ дегендей, Қырғызстанда азамат соғысы болса, оның Қазақстанға әсері қандай болмақ?
1. Қырғыз елінде өзара қырғын басталса, біздің қуанбасымыз анық. Бауырлас халықтың басынан бағы тайса, біздің де тұғырымыз нық болмайды. Соғыстан кемі 500 мың босқын бізге ағылмақ. Олардың басқа барар жері де жоқ. Арғы беті құжынаған қытай, оңтүстігі соғысы бітпес Ауғанстан, ал көршілес тәжік пен өзбектің қырғызға деген көзқарасы белгілі. Еріксіз бізге келеді. Ондай көп халықты біздің экономика игере алмайды. Оның үстіне бізде ішкі наразылық туындап, босқындармен этникалық қақтығыстар орын алуы мүмкін. Сондықтан бұл біз үшін қауіпті.
2. Біздің оңтүстік өңірлеріміз әлі де болса энергия мен суды көршілес айырқалпақты елден алады. Бұл елде соғыс болса, демек біздің оңтүстікке де әсері тимек. Әсіресе, су мен энергия тапшылығы орын алуы мүмкін. Соғыс әсерінен Қырғызстан арқылы келетін нарықтағы тауар жетіспеушілігі мен қымбаттауы тағы бар.
3. Қырғызстанда соғыс басталса, көп ұзамай ондағы жасырын радикалдық және экстремистік қозғалыстар қарқынды түрде жанданып, біздің оңтүстік шекарамызға қауіп төндірмек. Тіпті Ауғанстандағы "Талибан" қозғалысының арнайы бөлімдері Бішкек маңынан пайда болса таң қалмаймыз. Бұл біз үшін қауіпті.
Сондықтан көршілес қырғыз ағайынның арасындағы алауыздықты бейбіт әрі жылдам шешілуі бізге тиімді. Тіпті керек болса, арнайы келісім алаңын ұсынсақ та артық етпес.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61