Саясат

Қырғызстанның ҰҚК-сі: Атамбаевтың үйі – үй емес, бункер

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, Атамбаев тұтқынға алған арнайы жасақ жауынгерлерін әлі босатпаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қырғызстан президенті Сооранбай Жээнбеков Қой-Таштағы қақтығысқа байланысты шұғыл түрде кезектен тыс отырыс өткізді, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы barometr.kg сайтын сілтеме жасап.

Отырыс кезінде Қырғызстанның Ұттық қауіпсіздік кеңесінің басшысы Орозбек Опумбаев Атамбаевтың резиденциясында тұтқынға түскен жауынгерлердің әлі бостандыққа шықпағанын мәлімдеді.

- Атамбаев заңға бағынбай, қарсылық көрсетті. Арнайы панажайға тығылып, шықпай қойды. Оның үйі - жай үй емес, нағыз қамал, бункер, - деп атап өтті Опумбаев Жоғарғы Кеңес отырысында.

Аталмыш басылымның хабарлауынша, полковник Опумбаев қақтығыс кезінде түсірілген видеолар мен суреттерді кейін ғаламторға жариялайтынын мәлім еткен.

- Атамбаевқа аттанар алдында мұндай қарсылық болады деп күткен жоқпыз. Атамбаевтың жақтастарының қолында қару бар боп шықты. Таспен және арматурамен де қаруланған, - деді ол.

Ал бұған дейін Қырғызстанның президенті Сооранбай Жээнбеков Атамбаевтың елдің Ата заңын – Конституциясыны бұзып, тергеу амалдарына қарсылық келтірді деп айыптаған болатын.  

Айта кету керек, кеше «Альфа» арнайы жасақ жауынгерлері Бішкектен 20 шақырым жерде жатқан Атамбаевтың Қой-Таштағы резиденциясына барып, құрықтамақ болған еді. Алайда Атамбаевтың жақтастарының қарулы қарсылығына тап болып, кері қайтқан еді. Бір жауынгер қаза тауып, тағы бірнешеуі ауруханада жатыр.