Саясат
Атамбаевқа қылмыстың куәгері деп емес, ауыр қылмысқа қатысы бар күдікті ретінде қылмыстық іс ашылмақ
Қырғызстанның президенті Сооранбай Жээнбеков Жоғарғы Кеңес отырысында Атамбаевты адам өлтіру дерегі бойынша тергелетіндігін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы barometr.kg сайтын сілтеме жасап.
Оның сөзіне қарағанда, бұл оқиға қос президенттің арасындағы текетірес емес, жемқорлықты заң аясында құрықтаудың, тергеу жүргізудің құқықтық жолы.
- Бұл – мемлекетті жеке мүддеден жоғары қоюға қарсы заңды күрес, - деп атап өтті Жээнбеков.
Президенттің ойынша, заң барлығына ортақ, сондықтан оны барлығы орындауы тиіс.
Осы орайда айта кеткен жөн, кеше Қой-Ташыда болған арнайы жасақ жауынгерлері мен Атамбаевтың жақтастары арасындағы қарулы қақтығыста бір жауынгер мерт болған еді. Кейін Атамбаевтың өзі ол жауынгердің өліміне өзінің да кінәсі бар екенін, жанама атқан оғының тайқып келіп, оған тиіп кетуі мүмкін екендігін айтқан болатын.
Осыдан кейін Жээнбеков те Атамбаевты адам өлтіру дерегі бойынша айыптай бастады.
Ал ресейлік сарапшы Андрей Грозиннің айтуынша, Атамбаевтың «жауынгерді өлтіріп алуым мүмкін» деген мәлімдемесі – оны өмір бойы темір торға тоғытуға жетіп жатыр.