Bugin

Өскеменде көлік иелері ХҚКО-ның есігін бұзып кірді

Арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметі тым баяу

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін таңертең Өскемен қаласының құжат жасатуға келген автокөлік иелері арнайы қызмет көрсету орталығының есігін бұзып кірді деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Yknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Тұрғындардың айтуынша, арнайы орталықтың қызмет көрсету жүйесі нашар жұмыс істейді. Ақпараттық жүйе жиі тоқтап қалады, бұл кезекте тұрғандардың ашуына тиген.

Өскемен қаласындағы автокөлік иелеріне қызмет көрсететін арнайы орталықтың мәселесінің көтерілгеніне бірнеше жыл болған еді. Облыс орталықтарының арасында тек Өскемен қаласында ғана арнайы ХҚКО-ы жоқ. Жақында ғана қаладағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінің ішінен автокөлік иелеріне қызмет көрсететін мекеме ашылған болатын. Алайда оның іші тар болғандықтан, тұрғындардың көбі құжаттарын бітіре алмай әлекке түседі.

ШҚО Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бөлім басшысы Ерхат Жәлеловтың айтуынша, қаланың автокөлік иелеріне сапалы қызмет көрсету үшін жаңадан ғимарат салып, орталық ашу қажет.

- Қазіргі қызмет ұсынылып отырған ғимарат өте ыңғайсыз. Жақын арада бұл мәселе мәслихат сессиясына тартылып, жаңа ғимаратты салуға қаржы қарастырылатын болады, - дейді Ерхат Жәлелов.