Bugin
Атамбаевтың үйіне екінші рет шабуыл жасаған құқық қорғау органдары бұл жолы экс-президенті тұтқынға алды
Атамбаевты құқық қорғау органдары, шамамен, 19:30 сағат кезінде ұстаған, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Sputnik Қырғызстан.
Қазіргі уақытта Атамбаев Ішкі істер министрлігінің ғимаратына жеткізілді. Ал Бішкек маңында митинг ұйымдастыруға жиналған жұрт күшпен қуылды. Соңғы деректерге қарағанда, екі күннің ішінде 85 адам зардап шеккен. Оның біреу қаза тапты.
Әлеуметтік желіде жарияланған Құндыз Әжібекованың видеосында қара көлікке отырған Атамбаев пен оның бұрынғы кеңесшісі Құндыз Жолдубаеваны Ішкіс істер министрлігіне әкетіп бара жатқаны айтылады.
- Алмазбек Шаршенович, Құндыз Жолдубаева мен Фарида Ниязова ұсталды, - деп жазды Әжібекова.