Саясат

Қырғызстанның ХХІ ғасырда төңкеріс жасауға мүмкіндігі тәмам: Медведев Атамбаевтың ұсталуына берген мәлімдемесі (видео)

Көтеріліс жасауға елдің экономикасы көтермейді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев Қырғызстанға келді, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап.

Ол Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына келген болатын. Сол кезде Қырғызстанда болған оқиғаға, Алмазбек Атамбаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Мәскеу Қырғызстанда болып жатқан жағдайға бей-жай қарай алмайды.

- Өйткені бұл ел – Ресейдің серіктесі, Еуразиялық экономикалық одақ пен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының мүшесі. Соңғы уақыттары президенттің күн тәртібі қалай тығыз болғанын білесіздер, сондықтан біз Қырғызстанның ішінде болып жатқан жағдайларды мұқият бақылап отырмыз. Бірақ айта кеткен жөн, Қырғызстанның ХХІ ғасырда төңкеріс жасауға мүмкіндігі тәмам: ол – анық, - деп атап өтті Медведев.

Оның ойынша, мұндай оқиға елдің саяси, тіпті, экономикалық дағдарысқа әкеп соқса, өте қиын болар еді.

- Бұл ел азаматтарының көбіне ауыр соққы болып тимек. Тіпті, еуразиялық кеңістікке де әсер етуі мүмкін, - дейді ресейлік саясаткер.

Бүгін Шолпан Ата қаласында өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына Еуразиялық экономикалық одақ аясында сауда-саттық жасау мен тауарлар мен баж салығын белгілеу мәселелері талқыланады деп күтілуде.

Ал Қырғызстан халқы Алмазбек Атамбаевтың неге Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы өтетін кезде, нағыз туристік маусымның қызып, Құрбан айттың жақындаған уақытында ұсталғанын білмей, аң-таң болуда.