Саясат

Өскеменде жаңа жылға дайындық басталып кетті

Тәуелсіздік күні әлі келген жоқ...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өткен аптада ғана Риддерде шырша орнатылып қойды деп халық шулаған еді. Іле-шала облыс орталығында да жаңа жылға дайындықты бастап кетіпті. 

Жаңа жыл мейрамына әлі бір айдан астам уақыт бар. Оған дейін желтоқсан айында елімізде екі мерекені атап өтетіні белгілі. Ал Шығыстың қос қаласында Жаңа жылдың қамын қарашада қамдауда.

Естеріңізге сала кетсек, Өскеменде мерекелік шырша өткен жылы да қараша айында орнатылып, тіпті, безендіріліп те қойған еді. Биыл да сол жағдай қайталануда.

Бүгін Республика алаңында дайындық жұмыстарын бастап кеткен екен. Тұрғындардың айтуынша, осы жолы алаңға жасанды шырша орнатылмақ.

Бұл жайында толығырақ ақпарат алу үшін қалалық ТҮКШ бөліміне хабарластық. Алайда ТҮКШ бөлімі Көріктендіру және автомобиль жолдары секторының бас маманы Ержан Ибраев шырша туралы ақпарат беруден бас тартты.

-Мен ақпарат бере алмаймын. Басшылыққа хабарласыңыздар, – деді бас маман.

Аталмыш бөлімнің басшылығымен тікелей байланысқа шығу мүмкін емес екеніне тағы бір мәрте көзіміз жетті.

Қала әкімінің баспасөз қызметі де бұл жөнінде ақпарат бере алмайтындарын алға тартып, ТҮКШ бөліміне сілтеп отыр.

Сонымен, не болса да Өскеменде Жаңа жылға дайындық басталып кетті.

Дереккөз: altaynews.kz

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61