Bugin

Арыста тағы да жарылыс болды

Жергілікті тұрғынның аяғына жарақат түсті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Арыстағы жаңа төтенше оқиға – қоқысты өртеу кезінде белгісіз зат жарылып кетті, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов.

Оқиға салдарынан жергілікті тұрғын зардап шеккен – ол аяғынан жеңіл-желпі жарақат алған.

Жарылыс бейсенбі күні сағат 18.15-те болған.

- Үй ауласында қоқысты өртеу кезінде белгісіз зат жарылып кетіп, салдарынан үй иесі жеңіл-желпі жарақат алды. Оқиға орнында барлық жауапты орган жұмыс істеп жатыр. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң жәбірленуші үйіне қайтты, - деп жазды Қалқаманов Facebook желісінде.

24 маусым күні сағат 10 кезінде Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жойқын жарылыс болды. Қала тұрғындары Шымкент пен көршілес аудандарға шұғыл көшірілді.

Sputnik Қазақстан