Weekend
Испандық Ромео мен Джульетта
Бұл – XVI ғасырда екі мумияланған дене табылғаннан кейін жасалған қабірлер. Мумиялар аңызға айналған «Теруэльдің ғашықтарына» тиесілі деген болжам бар.
Тарих бойынша, 13 ғасырдың басында өмір күрген Диего Мартинес Марцилла мен Изабелла Сегура есімді ғашықтардың хикаясы тура Ромео мен Джульеттың оқиғасына ұқсайды. Изабелланың әкесі қызын бойжеткен жасында тұрмысқа бергісі келеді. Ол бай болғандықтан, қызының Марцилла сияқты кедей отбасының өкіліне үйленуін қаламайды, ал Диегоның әкесі қиын кезеңдерді басынан өткерген адам болатын.
Изабелла әкесін басқа біреуге үйлендірмес бұрын бес жыл күте тұруын өтінеді. Осы уақыт аралығында Диего қаланы тастап, байып кетуге тырысуы керек болады. Изабелланың әкесі қызының өтінішін қабыл алады, бірақ бес жыл ішінде Диегодан бірде-бір хабар болмайды.
Бес жылдан кейін уәделескен күні Диего қайтадан қалаға оралады, алайда Изабелланың әкесі қызын бір күн бұрын ғана басқа біреуге тұрмысқа беріп жіберген екен. Диего келісім жасау күнін бес жылға белгілегенімен, келісім жасасқан күнді есептемей, бір күнге кешігіп қалғанын түсінеді.
Дәл сол түні Диего Изабелланың жатын бөлмесіне жасырын кіреді, бірақ қасында ұйықтап жатқан күйеуіне деген адалдығынан қыз сүйіктісін сүюден бас тартады. Диего жараланған жүрегімен Изабелланың аяғына жығылып, сол жерде жан тапсырады. Изабелланың қайғырғандығы соншалық, Диегоны жерлеу кезінде ол да қайтыс болады.
Екі ғашықтың тарихын білген Теруэль азаматтары оларды бірге жерлеуді талап етеді. XVI ғасырда екі мумияның ашылуы бұл аңызға одан да көбірек драматизм қосқан көрінеді.
Бұл мумияланған мәйіттер қос ғашық Диего мен Изабелланың қабірі емес екендігі талай дәлелденсе де, адамдар әлі күнге дейін олардың күмбездеріне барып, кесенелеріне мінәжат етеді. Ал Хуан де Авалос жобаланған қазіргі қабірде қайтыс болған қос ғашықты бір-бірін қол ұстастырып бейнелеген екен.
terra-z.com