Bugin

Трамп өзінің қорқынышы жайлы айтты

Америка президенті не нәрседен қорқады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ президенті Дональд Трамп алкогольге тәуелді болып қаламын деп спирттік ішімдіктерді ішуден бас тартқан. Бұл туралы ол The Washington Post басылымына телефонмен берген сұхбатында айтты.

Мемлекет басшысының айтуынша, оның мұндай шешіміне оның қайтыс болған ағасы Фредпен орын алған жағдай себеп болған.

- Ол сымбатты болатын, алайда оны алкоголь құтты, оны көзіммен көрдім, -деп атап өтті Трамп. 

- Айталық, мен іше бастадым делік. Мен сізбен дәл қазір сөйлеспес едім. Белгілі бір генетикалық әсері болады, әйтеуір, - деп атап өтті Трамп әңгіме барысында. 

Сонымен қатар, ол бұл қорқыныштың оған қазір ұлы басқаратын шарап зауытын сатып алуға кедергі келтірмегенін айтты.

Президент сондай-ақ өз уақытында әкесін қолдап және ағасына өзінің еркінен тыс отбасылық бизнеспен айналысуын талап еткеніне өкінетінін айтқан. 

- Бұл оның ісі емес еді. (...) Біз оған екі жақтан қысым көрсеттік, - деп атап өтті ол.

Фред Трамп университеттен кейін ұшқыш жолын таңдаған екен. Алайда әкесі оның отбасылық бизнеспен айналысқанын қалаған. Нәтижесінде, жас жігіт ішімдікке салынып, жұмысынан шығып, әкесінің фирмасына жұмысқа орналасады. Ол 1981 жылы маскүнемдіктен қайтыс болған.