Саясат

Қырымда Украина туы көтерілді

Ту Судак қаласына қойылған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қырымда Украина жалауы көтерілді, деп хабарлады Херсон облыстық мемлекеттік әкімшілігі Төрағасының кеңесшісі Богдан Ковалев Facebook-тегі парақшасында.

Оның айтуынша, байрақты "Украинаның жергілікті патриоттары" Судак қаласында көтерген. Шара мақсаты 6 тамызда Донбаста қаза тапқандарды еске алу болып табылады.

Бұған дейін Донбастағы біріккен күштер операциясының украиндық штабы өзін-өзі жариялаған Донецк Халық Республикасының (ДНР) Қарулы күштері атқан оқтан төрт десантшының қаза болғанын хабарлаған еді.