Саясат

АҚШ Қырғызстан билігіне – Конституцияны ұстаныңыздар!

Бұл оқиға АҚШ-ты да қызықтырып отыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия елдері жөніндегі көмекшісінің міндетін атқарушы Элис Уэллс Қырғызстанда ұсталған Атамбаевтың ісіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы barometr.kg сайтына сілтеме жасап.

Элис Уэллс елде болып жатқан оқиғалардың барлығы құқықтық негізде қаралуы керектігін айтқан.

- Қырғызстанда болып жатқан соңғы оқиғаларға айтарымыз, біз демократиялық институттың таңдаған, жоғары құқық қағидаларының сақталған жолын құп көреміз. Қос тарапты да Қырғызстанның Конституциясы мен демократиялық құндлықытарын ұстануға шақырамыз, - деп мәлімдеді Уэллс.

Айта кету керек, Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев ұсталып, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жеткізілген болатын. Ал оның заңгері Сергей Слесарев Атамбаевқ тағылып отырған айыппен келіспейтінін мәлімдеген еді.  


Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61