Саясат
Әскери қимылдардан бейтарап болғанды қалайды
Сербия Солтүстік Атлант альянсына немесе кез келген басқа әскери одақтарға кіруге ниетті емес. Бұл туралы жұма күні осы елдің президенті Александр Вучич журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып мәлімдеді.
- Сербия әскери бейтарап қалады. Сербия НАТО-ға да, кез келген басқа әскери одаққа да кірмейді. Сондықтан Сербия өз қауіпсіздігіне қамқорлық жасайды және біз соңғы жылдары үлкен прогреске қол жеткіздік, өйткені еркін болғымыз келеді, ешкімге тәуелді емес өз болашағымызды өзіміз таңдағымыз келеді. Менің ойымша, бұл ең жақсы жол, ал Босния мен Герцеговинді қай жолды таңдайтыны - бұл олардың мәселесі, - деді ол.