Саясат
Украина тарапы адамгершілік танытқан екен
Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Киевтің ресейлік ұшақтың Украина аумағы арқылы ұшып өтуіне рұқсат бергенін жағымды бағалады. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында хабарлады.
- Тамаша жаңалық! Рахмет!, - деп жазды дипломат.
Бұған дейін Италияның Бари қаласынан Мәскеуге ұшып келе жатқан "Глобус" авиакомпаниясының Boeing-738 ресейлік ұшағы күн күркіреуіне байланысты Украина аумағы арқылы ұшуға рұқсат алғандығы белгілі болды. Ұшақ Украина аумағында 26 минут болған.
Украина мен Ресей арасындағы тұрақты әуе қатынасы 2015 жылдың қазан айында Киевтің бастамасы бойынша тоқтатылды. Сонымен қатар, 2019 жылдың 3 сәуірінен бастап Украина Ресеймен тұрақты емес әуе қатынасын да тоқтатқан болатын.