Bugin

«Талдырып тастаймын!»: Батыс Қазақстандағы прокурорлардың төбелесі тексеріліп жатыр (видео)

Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында төбелесіп қалған екі прокурордың видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ал видеоны түсіруші куәгердің айтуынша, прокурордың бірі далада дәрет сындырып тұрған. Кейін оларға барып ескерту жасағаған көрінеді. Бұл прокурорларға «ұнамағанға» ұқсайды, содан төбелес басталған.

- 7 тамыз күні түнде Орал қаласынан шығып бара жатқан болатынмын. Ақсай қаласының 10-шы шағын ауданында Ерлан Бердіғалиев пен Қайрат Қайырмұханов есімді екі прокурордың қоғамдық ортада дәрет сындырып жатқанын байқап қалдым. Кейін ұялы телефонға түсіріп, оларға ескерту айттым. Ал олар болса, маған боғауыз сөз айтып, балағаттай бастады. Бұған шара қолдануыңызды сұраймын, - дейді оралдық тұрғын.

Ал Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасы аталмыш іске қатысты қызметтік тергеу басталғанын хабарлады.

- Тиісті шаралар қолданылатын болады, - дейді мекеменің бас маманы Алмагүл Ибрашева.

Айта кеткен жөн, Ерлан Бердіғалиев пен Қайрат Қайырмұханов те БҚО Бөрлі ауданының аға прокурорлары болып табылады.

 

tengrinews.kz