Саясат
Кремль «норман төрттігінің» (Украина, Ресей, Германия, Франция) кездесуін кейінге қалдырды
6 тамыз күні мина жарылып, төрт жауынгері қайтыс болған соң, дереу арада «Норман төрттігін» жинап, келіссөз өткізуге шақырған Украинаның президенті Зеленскийдің сөзін Ресей қабыл алмайтынға ұқсайды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Коммерсант басылымына сілтеме жасап.
Бұған Путиннің кеңесшілерінің бірі Владислав Сурковтың жақын досы Алексей Чеснаковтың сөзі дәлел бола алады. Оның сөзіне қарағанда, Путинді кездесуге шақыру үшін «салмақтырақ себек керек», оған «төрт жауынгердің өлімі себеп бола алмайды».
- Украинаның көңілге қонымды себеп пен ұсыныс тауып кездесуге шақырғаны жөн. Ең алдымен, саяси келісімдерді орындаудың басты қадамдарын ұйымдастыруы керек. Қаза болған әскерилердің ісі тегіс тексерілуі тиіс, алайда бұл себеп кездесуге негіз бола алмайды. Кездесуге дайындалып келген абзалырақ, ал қазір ондай дайындық ешкімде де жоқ, - дейді Чеснаков.
7 тамыз күні Путинге телефонмен хабарласқан Зеленский соғысты дереу тоқтату қажеттігін, адамдар себепсіз қырылып жатқанын сөз еткен болатын.
- Бір-біріміздің көзімізге тіке қарап, соғысты тоқтату керекпіз. Біздің адамдарымыз қырылып жатыр, - деген еді Зеленский.
Алайда ұзаққа созылған телефон әңгімесінен кейінгі ортақ тақырып – келісімді сақтауға кеп тірелген. Ал Минск келісімі бойынша екі жақ та қару қолданып, оқ атудан бас тартуы тиіс еді. Алайда бұл келісімнің шарттары әлі күнге дейін орындалмай келеді. Соның куәсі 6 тамыз күні болған төрт жауынгердің қазасы.