Смартфонның құлы біз

Өлең

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Смартфонның құлы біз 

Өзгеріп сағат сайын заман мұңды,

Басыңнан өткергенмен жаман күнді 

Бұл күнде құл болдық біз смартфонға

Жария ғып әр басқан қадамыңды...


Ел едік жақсы сөзге теңдессіз бай, 

Тіршілік болар дейсің пендесіз қай?! 

Смартфонның артында дана болып, 

Ақыл айтып отырсың сен де сызбай.


Қаны мен келсе де жер бабалардың 

Құран оқып моласын жағалар кім?!

Ер емес, езу тартып езге айналдың,

Қажеті де жоқ болды саған ардың.


Бұл ісің сені жарға жығары хақ,

Жаман сөз айтып қалай тіл жарымақ?!

Суретке түсіресің әр ісіңді...

Қалтаңнан смартфонды шығарып ап.


Қаптады қазақ қызы бүгін арсыз,

Болмай тұр ақыл оны ұғынар сіз.

Ұлын - құл, қызын - күн боп  кетсе егер,

Қай тесікті жамау ғып тығыларсыз?!


Тәрбие бермей жатсың сай балаңа,

Көңілін қалай сонда жайлана ма?! 

Смартфоннан бас көтеріп көз жүгіртші,

Өзгеріп жатқан мынау айналаңа. 


Баланда бір смартфон тіл қатпаған ,

Жас ұрпақ болмай жатыр жыр жаттаған.

Ағайын смартфонның бағасынан,

Қазақтын ар-намысы қымбат маған !!!

Жауынбай Жылқыбайұлы