Саясат
«Ядролық зымыран» апатынан кейін ресей Теңіз-әскери базасы төтенше жағдайда жабылды
Базадағы кездейсоқ зымыран жарылысы болған аймақта радиацияның кенеттен көтерілуіне байланысты Ресей теңіз-әскери базасы бір айға дейін жұмбақ күйде жабылып қалды, деп хабарлайды Express ақпараттық сайты.
Ресейдің солтүстігінде әскери-теңіз полигонында зымыран қозғалтқышының жарылуы радиациялық әсермен байланысты болғандықтан, бүкіл әлем сақтық танытып отыр. Кремль «зымыран қозғалтқышының жарылуы» екі адамның өмірін қиып, алты адам жарақат алғанын растады. Адамдар жарылыс жаңа ядролық зымырандарды сынау кезінде болды деп алаңдауда. Хабарға қарағанда, жергілікті тұрғындардан радиацияның алдын алу шараларын қабылдау талап етілген.
Бұдан да қауіптісі - жарылыс болған Алхангельск базасының шұғыл құлыпталып, жақын маңдағы Ақ теңіздің жабылғандығы болып отыр.
Ресейлік сарапшы ВВС-ге берген сұхбатында Ресей қорғаныс министрлігі базаның жұмбақ түрде бекітілуінің астарындағы нақты мәліметтерді жариялаудан бас тартып отырған көрінеді.
Қорғаныс министрлігі радиацияның таралуы туралы айыптарды жоққа шығарғанымен, Северодвинск қаласының маңындағы муниципалитет қызметкерлері сағат 11:50-ден 12:30-ға дейін радиацияның таралуы өте күшті болғанын және сағат 14:00-ге қарай қалыпқа келгенін хабарлады.
- Бұл қойма Ресейде сұйық қозғалмалы ядролық зымыранның жаңа түрін сынау үшін қолданылғанға ұқсайды - бұл өте құпия ракета түріне жатады, - деді доктор Галеотти.