Саясат
Қытайдың не көздегені бар?
Қытай Кашмирдегі жағдайдың ушығуы барысында өзінің мүдделерін қорғайтын Пәкістанға қолдау көрсете береді. Бұл туралы Қытайдың сыртқы істер министрі Ван И мәлімдеді.
Ол Кашмирдегі жағдайдың колониалды замандардан бері келе жатқан мәселе екенін айта отырып, оны тек БҰҰ Жарғысы негізінде шешу керек екенін алға тартты.- Қытай өзінің мүдделерін мен заңды құқықтарын қорғап жатқан Пәкістанға қолдау көрсетеді, сондай-ақ халықаралық дәрежеде Пәкістанға әділетті қарым-қатынас жасалуына атсалысады, - деді дипломат.
5 тамыз күні Үндістан Джамму және Кашмир штатының ерекше мәртебесінің күшін жойған болатын.